"Ақтөбе қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
0
Қамқоршылық кеңес

№47 жалпы  білім беретін орта мектеп

Қамқоршылық  кеңес  отырысы

Хаттама     №1

                                                                                                                              10.09.2018ж        

Қатысқандар:  9 адам

Күн тәртібінде:

  1. Қамқоршылық кеңесін құру.
  2. Мектептің материалдық-техникалық жағдайы, оны нығайту жолдары мен әдістері және жасалынған жұмыстар.
  3. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамассыз ету.
  4. 4. Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы.

Тыңдалды:

 

1) Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшесі  Бисенова Шолпан сөз алды.

 

Қайырлы күн құрметті ата –аналар! Жоспар бойынша 2018 – 2019 оқу жылының алғашқы қамқоршылық кеңесін ашық деп жариялаймын. 2017 – 2018 оқу жылында мектептегі қамқоршылық кеңесінің төрағасы  болып Қаракушева А сайланып, жұмыс жүргізген. Биылғы жылы Каракушева А белгілі себептермен баласының басқа мектепке ауысуына байланысты қамқоршылық кеңес мүшесі бола алмайды. Сондықтан да күн тәртібінде тұрған мәселе бойынша сіздерге ұсыныс тастамақпын. Қамқоршылық кеңес төрағасы етіп кімдерді ұсынасыздар, сол туралы пікірлеріңізді білдірулеріңізді сұраймын.

 

2) Екінші мәселе бойынша мектеп директоры  Абдиева Тазагуль Утарбаевна мектептің материалдық – техникалық жағдайымен таныстырып, алдағы жылдары жасалуы тиіс жұмыстармен таныстырып кетті.

   

Мектебіміздің материалдық-техникалық жағдайы жақсы. Біраз жұмыстар жасалынды. Мектебіміздің екі ғимаратты да толық жөндеуден өтті. ІІ ғимарат 2016 жылы толық жөндеуден өтті, ал І ғимарат 2018 жылғы жазғы мезгілінде мектеп төбесі, жылу құбырлары  жөндеуден өтті. Өткен жылы қамқоршылық кеңес мүшелері мектеппен байланыста біраз жұмыстар атқарды. Ал енді  осы оқу жылында көптің көмегімен мектеп ауласында тұрған иесіз жатқан ғимараттың орнын тазалап берулеріңізді сұраймын. Бұл бір немесе екі ғана адамның қолынан келетін іс емес. Сондықтан осы істі мектептің ата – аналарына түсіндіріп, мейлінше көмек қолдарын соза алатын азаматтармен бірлесіп жұмыс жүргізсеңіздер.  

 

3) Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша  әлеуметтік педагог  Г.Кумарова сөйледі:

 

2018 – 2019 оқу жылы бойынша мектепте барлығы бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Олардың негізгі құрамын көп балалалы отбасына шыққан балалар, аз қамтылған отбасы балалары, асыраушысынан айырылған және толық емес отбасы балалары қамтиды. Бұл статуста болғанымен, отбасының табысы жетіп, артылған жағдайда, ыстық тамақпен қамтамасыз етілмейді. Сондықтан да әрбір бала үшін құжаттар жинақтаймыз.

 

Сөйлегендер: Бөлекова Г – ата - ана

 

Алғашқы  мәселе бойынша мектептегі қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып жауапты, көпшілік адаммен тіл табыса алатын, ұйымдастырушылық қабілеті мол адам сайлануы тиіс. Бұл жүрдім – бардым атқаратын іс емес. Сондықтан да мектептегі қамқоршылық кеңесінің төрағасы қызметіне ылғи мектептегі іс – шараларға қатысып, өзінің белсенділігін танытып жүрген 10 класс ата  - анасы Нукеева Г лайықты деп есептеймін және ұсынамын. Сондай – ақ екінші мәселе  бойынша мектеп директорының ұсынысын қолдаймын. Мектеп жанындағы ескі гараж орнының тазалануы бәріміз  үшін де құптарлық іс.

 

4) Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы мектеп директоры Т.У.Абдиева сөйледі:

 

Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері! «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу» туралы ҚР –ның Білім және ғылым министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №556 бұйрығы пилоттық мектептерді ашуға негіз болып табылатынын негізге ала отырып, 2018-2019 оқу жылында жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің беруін немесе бірнешеуін ағылшын тілінде оқытудың оң және теріс жақтарын анықтауға арналған инновациялық алаң ашу керек. Пилоттық мектеп ағылшын  тілінде оқытылатын ЖМЦ пәндері мазмұнының, жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес болуына, білім алушылардың шекті оқу жүктемесінен  аспайтын және өмір мен денсаулықты қорғау талаптарына сәйкес келетін көмекші құралдардың оңтайлылығына жауапты «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №682 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылында 8 «А» класында химия пәнін ағылшын тілінде оқыту элементтерін кіріктіріп оқыту енгізіліп отыр.

Қаулы:

  1. Мектептегі қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып 10 класс ата – анасы Нукеева Гүлмира Кукаевна  сайлансын. Өткен оқу жылындағы қамқоршылық кеңес хатшысы Елекбаева Г өз қызметінде  қалдырылсын.
  2. Мектептің материалдық – техникалық жағдайы, оны нығайту жолдары мен әдістері және жасалынған жұмыстар «жақсы» деп танылып, алға қойған жұмыстар мақсатқа орындалсын.
  3. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылсын.
  4. 2018-2019 оқу жылында «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №682 бұйрығына сәйкес 8 «А» класында химия пәнін ағылшын тілінде оқыту элементтерін кіріктіріліп оқытылсын.

                         Қамқоршылық  кеңесі   төрағасы            Г.К.Нукеева

                                       Хатшы              Г. Елекбаев

 

 

№47 жалпы  білім беретін орта мектеп

Қамқоршылық  кеңесі   отырысы

Хаттама     №2

                                                                                                                             05.12.2018ж        

Қатысқандар:  9 адам

Күн тәртібінде:

  1. Екпе алмайтын оқушылардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын  жүргізу.
  2. Жаңа жылдық шараларды ұйымдастыру

Тыңдалды:

1) Мектеп директоры  Т.У.Абдиева:

Құрметті ата-аналар! Біз бүгін сіздерді  Қамқоршылық  кеңесі мүшелерінің  кеңесіне  шақырған болатынбыз. Мақсатымыз екпе алмаған оқушылардың ата – аналарының түсінбеген сұрақтарына жауап беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бізде екпе алмайтын 5 оқушы бар. Олар:

1) Әділқайыр Мариям Аманкелдіқызы, 2а кл; 

Ата-анасы:   Аманжолова Айымгул

2) Жаппарғали  Жанмөлдір   Жасұланқызы,  3а кл;

Ата-анасы: Жаппарғали Жасұлан, Жаппарғали Айшолпан

2) Жаппарғали  Жанкелді   Жасұланұлы,  1ә кл;

Ата-анасы: Жаппарғали Жасұлан, Жаппарғали Айшолпан

3) Аманжол Ханзада  Жангелдіқызы, 1ә кл.;

Ата-анасы: Карабалин Жангелді,   Шарбосина Гулжазира

5) Ерсайын Ахмад Ғалымжанұлы, 1ә кл

Ата-анасы  Сапаров Ғалымжан, Уразова Айгул

Мектеп  дәрігері Құрақбаева Дина Булатовна сөз сөйледі:

           

Келіп отырған ата – аналар екпе алмаудың себебін қазір түсіндіре жатар. Дегенмен де түсіндіру жұмыстарын жүргізу біздің міндетіміз. Класта 24 оқушының 1- і екпе алмаған жағдайда қатты ауырса, сол кластың ата – аналары заңға жүгінуі мүмкін. Бекітілген заңдық күнтізбе бойынша бала 6 жаста және 16 жасында екпе алады. Сол екпелерді уақытында алуы керек. Екпе алмаған адамдарға, оқушыларға қауіп төну өте жоғары деңгейде. 5 жыл бұрын Новотройцкте екпе алмағандарға карантин жарияланды. Тағы да айтамын, түсініп отырған шығарсыздар. Екпе, бұл жай ғана зат емес, ол өте маңызды.

 

2) Алатаева Ләззат  - мектеп медбикесі:

 

Мектеп дәрігері түсіндіріп кеткендей, барлығын өздеріңіз толық біліп отырсыздар. Мектепке тапсырған  036у формасында кішкентай кезінде екпені алған, бірақ 6 жасқа келген кезде алатын екпені алмай отыр. Сондықтан, екпе алмаған оқушылар санатына тіркеп отырмыз. Баланың өскен сайын организмі әлсірейді. Ауруды тез қабылдағыш болады. Шындығында балалар екпені алғысы келеді. Ата – аналары қарсылық танытып, алдыртпай отыр. Әлі де шындық, дұрыс жағын ойлаңыздар. Мектеп тарапыда балалардың денсаулығына алаңдайды.

Сөйлегендер:

  1. Сапаров Ғалымжан (Ерсайын Ахмадтың ата - анасы) – Ахмадтан үлкен 2 балам екпеден кейін қатты ауырды. Сондықтан да алмадық. Бірақ туылған уақыттан бергі барлық екпелерін алып жүрді.
  2. Ермағанбетова Айшолпан (Жаппарғали Жанмөлдір мен Жаппарғали Жанкелдінің ата - анасы) - №24 мектепте өткен жиналыста  сұрақ қойғанымда, екпе алған оқушы мен алмаған оқушының ешқандай ерекшелігі жоқ деген. Балаларымның болашағына алаңдаймын. Екпе алмаудағы себептің дінге ешқандай қатысы жоқ. Нақты себебі екпеге сенбейміз. Өйткені туған құдашамның баласы екпе алғаннан кейін екпе кері әсерін беріп, қатты ауырған. Сол жағдайдан кейін сенбеймін. Ал оған дейінгі екпелерін толық алып жүрді. Тағы да жолдасыммен ақылдасайын.
  3. Абдиева Т.У – мектеп директоры:

Ата-аналар, сіздер, қоғамда  аракідік кездесіп жатқан екпенің кері әсерін өздеріңізге жақын алып алғансыздар. Яғни екпе  туралы  пікірлеріңіз  біздің  пікірмен қарама-қарсы. Екпе туралы ондай хабарларды  біз де көріп тыңдап  отырмыз. Бірақ менің көзқарасым өзгермейді. Бұрынғы оба, қызылша, туберкулез  аурулары осы екпенің нәтижесінде жойылды немесе азайып келеді. Әлде де балаңыздың денсаулығы үшін пікірлеріңізді өзгертеді деп ойлаймын.  Сіздердің сөздеріңізді тыңдап мынадай ой түіп отырмын. Дәрігерге ешқандай да сеніммен қарамайды  екенсіздер. 

 

4.Қамқоршылық кеңес мүшесі Бисенова Шолпан Бисеновна:

 

Біздің мақсатымыз: дені сау, білімді  ұрпақ  тәрбиелеу. Елімізде  балалардың құқығын, денсаулығын қорғау Ата заңда  көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының  «Халық денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі туралы» кодексінің 89- бабы 1.1.тармағында Әрбір бала денсаулық сақтау жүйесінің заманауи және денсаулығын қалпына келтіруге құқылы» және 156-бабы 1 тармағында «Қазақстанда тұратын  әрбір  тұрғын кепілді ақысыз медициналық көмек шеңберіндегі инфекциялық және паразитарлық  ауруларға қарсы алдын алу  екпелерін алуға міндетті» деген  жолдар бар. Яғни, балаларына екпе  жасатудан  бас тартқан ата-аналар олардың құқығын бұзып, ұрпақ денсаулығына  қауіп  төндіріп отыр. Мұндағы айтпағым  ата-аналардың екпе алмау  деген көзқарастарының өзгеріп, балаларына  екпе алғызса деймін. Біраз түсіндіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесі болар деген үміттемін.

 

2) Күн тәртібіндегі жаңа жылдық шараларды ұйымдастыру мәселесі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жубатова З сөйледі.

 

Жаңа жылдық кеш барлық баланың асыға күтетін мерекелерінің бірі. Аяз атаны күту, оның сыйлығы бәрі ертегі іспетті бала қуанышын еселей түседі. Аталған мереке қарсаңында мектептегі көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы балаларына мерекелік шара ұйымдастырып, сыйлықтар дайындайтынбыз. Бұл шараны өткізу  әр жыл сайын  мектеп оқушыларының қайырымдылық акциясы, мұғалімдер мен  ата – аналардың демеушілігімен ұйымдастырамыз. Сол шара биыл да жалғасын табу үшін «мен демеуші бола аламын» деген ата – аналарды бірлесуге шақырамын және қамқоршылық кеңес мүшелері сіздерге ұсыныс таптаймыз. Өйткені мектептің әлеуметтік педагогында қаншама балалардың (аз қамтылған, толық емес, көп балалы отбасы балалары) тізімі бар. Солардың барлығына  сыйлық алу, мерекелік шара өткізу үлкен күшті қажет ететіні сөзсіз. Және де мектеп оқушыларының Жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізуге ата-аналар тарапынан  ұсыныстар түсті. Ұсыныс:  Балаларының мәдени орында ертеңгіліктерін тамашалау, сол мәдени орындардың бірі Т.Ахтанов атындағы облыстық  драма театырына өткізгісі келетіндіктерін  айтты. Театрда өткізу себебі жыл сайын мектепте өтеді және спорт зал мен салатанат залы тарлық ететіндігін жеткізді.  

 

Қамқоршылық кеңес мүшесі Ш.Бисенова сөз алды: Қүрметті мектеп әкімшілігі қамқоршылық кеңес мүшелерімен ақылдаса келе жоғарыда айтылған ұсыныстарыңызды қабылдаймыз. Көпшілік ата-аналар өз балларының Жаңа жылдық ертеңгіліктерін театрға өткізуге қарсы болмаса, қарсылық білдірмеу туралы қолхаттар алынып, театрға бір ауыздан жіберілсін.

Қаулы

  1. Екпеден бас тартқан ата-аналармен жұмыс жүргізу әрі қарай жандандырылсын, қосымша жұмыстар жүргізілсін.
  2. Мектептегі жаңа жылдық шараларды ұйымдастыру жұмыстарына ата – аналар мен мұғалімдер тарапы жұмылдырылып Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына 0-11 класс оқушылары қатыстырылсын.

Қамқоршылық  кеңес   төрағасы             Г.К.Нукеева

                                       Хатшы              Г. Елекбаева

 

 

 

№47 жалпы білім беретін орта мектебі

Кезектен тыс  қамқоршылық кеңес отырысы

Хаттама №3

12.01.2019

Қатысты:

  1. 1 – 11 класс оқушыларынан 130 ата – ана;
  2. Ішкі істер департаментінің төрағасы, полковник, қалалық қамқоршылық кеңесінің құқық қорғау бөлімінің төрағасы, қажы Дәулеталин Ғалым Елкейұлы

Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:

  1. «Педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру»

Мектепішілік кәсіподақ мүшесі З.С.Кузенова

  1. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Жубатова

  1. Қамқоршылық кеңесі жұмысының жүргізілуі

Қамқоршылық кеңес төрағасы Г.К.Нукеева

  1. Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру

Мектеп медбикесі Л.У.Алатаева

Тыңдалды:

 

Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Т.У.Абдиева алды: Құрметті ата-аналар және жиналысқа қатысушы қонақтар бүгін кезектен тыс қамқоршылық кеңес отырсына қош келдіңіздер! Барлығын жаңа жылмен құттықтады. Жиналысқа қатысып отырған қонақтармен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселелермен де таныстырып өтті.

           

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша мектепішілік кәсіподақ мүшесі Күзенова Зейнегүл Смадиновна сөз алды (анықтамадан үзінді). Елбасының биылғы дәстүрлі жолдауында білім және ғылым министрлігіне “педагог мәртебесі” туралы заң қабылдауды тапсырған еді.

 

Елбасы Жолдауын орындау мақсатында ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуде. Осы заң жобаларын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды.Мектеп, колледж, ЖОО педагогтарын, мемлекеттік органдар өкілдерін, ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. ҚР БҒМ барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды шақырады.Заң жобалары әзірленген соң, Министрлік барлық аймақтарда осы заң жобаларын талқылау мақсатында жұмыс тобы мүшелерінің педагогикалық және ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулерін ұйымдастыруды жоспарлауда.
Осы заң жобаларына қосар ұсыныстарыңыз бен қолдауларыңызды білдірулеріңізге болады. Заң жобасында нақтылы ұсыныс ретінде көрсетілген мәліметтерді атап көрсетсем:

  • педагог қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен  қолайлы еңбекпен

қамтамасыз ету  құқығына кепілдік беруді;

-         жергілікті артқарушы органдармен педагогтардың балаларына  

тұрғылықты мекен-жайы бойынша кезектен тыс балабақшадан орын

беруді;

-         Қазақстан  Республикасы білім және ғылым саласындағы зор еңбегі

үшін құрметті атақ, марапаттарға  педагогтың құқығын;

-         оқытушылық қызметте үздіксіз 30 жыл өтілі бар (еңбек сіңірген

жылдар), лайықты зейнетақыман қамтамасыз ету үшін бекітілген зейнет жасына жетпей зейнетке шығу құқығын беруді;

-         жергілікті атқарушы органдармен белгіленген (мерекелік күндерге,

біржолғы сыйақы, жергілікті марапат белгілері және құрмет атақтары) педагогтардың еңбектерін қосмыша материалдық көтермелеу шараларын;

-         ғылыми дәрежесі бар педагогтарға сараланған қосымша  үстемеақы

төлеуді;

 

- педагог қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолайлы тетіктерін іске асыру нормаларын (қызметтік тұрғын үймен, жатақханамен, тұрғын үй лизингі);тсс

 

Күн тәртібіндегі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу мәселесі  бойынша  Ақтөбе қаласы полиция бөлімі Астана ауданы №1 ҚБ – нің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны АА.Мурсалова сөйледі. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың қазіргі таңда белең алуда. Осы оқу жылының өзінде жалпы қала бойынша  бірнеше құқықбұзушылық істері тіркелді.  Сол себептен сіздерге, ата – аналарға үнемі жиналыс сайын бұл мәселені қалдырмай айтып, ескертіп отырамын. Төмендегідей ескертулерді қатаң түрде ұстауларыңызды сұраймын:

  • Түнгі мезгілде, сағат 20/00 – ден кейін көшеде жүрмеу; негізгі заңдық уақыты 22/00.  Біз  уақытын ерте уақытқа белгілеп отырмыз. Өйткені қазіргі қысқы уақытта қараңғылық тез түседі.
  • Суық, үшкір басты қарулар ұстамау;
  • Топтық, ұйымдасқан, жиналған жергенге бармау;
  • Сабақтан кешікпеу, себепсіз қалмау;
  • Ұялы телефон ұстамау;

 

Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Г.К.Нукеева мектепішілік қамқоршылық кеңесі жұмысының жүргізілуімен таныстырды. – қайырлы күн құрметті ата – аналар, ұстаздар! Биылғы келіп жеткен жаңа жылымыз құтты болсын! Жаңа жыл табысты, берекелі, тыныштық жылы болсын! Мен Нукеева Гулмира Купаевна. Осы №47 жалпы білім беретін орта мектебінің ата – анасымын.  2018 – 2019 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайландым. Қамқоршылық кеңесі құрамында 9 мүше бар. 2 ардагер, 7 ата – ана. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жоспар құрылды. Есеп шот болашақта ашылады.  Ашылған есепшотқа мектеп ата – аналары демеушілік көрсетеді. Кеңес өз жұмысын екінші жарты жылдықта да әрі қарай жалғастырады. Айтар ұсыныстарыңыз болса.

 

Төртінші мәселе бойынша мектеп медбикесі Л.Алатаева сөйледі. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар, себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады, ал тағам – бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі. Ұрпағымыздың сау, ақылды және белсенді болып өсуіне көмектесу мақсатында оқушының жасына байланысты физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын дұрыс тамақтануды қалай ұйымдастыруға болады? Баланың жасының әр кезеңі алдыңғысынан өсу қарқыны және физиологиялық жүйелердің жетілуімен, өсу үстіндегі организмнің тіндері мен ағзаларында өтетін өзгерістердің сапасымен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың жасының әр кезеңіндегі тамақтануы айрықша талаптармен сипатталады, осы талаптарды ескеру арқылы   баланың ақыл-ойы мен денесінің қалыпты дамуына, өмірлік  әлеуетін арттыруға ықпал етуге болады.Мектеп жасында қарқынды өсу, қаңқа мен бұлшық еттің ұлғаюы байқалады, жасөспірімдердің жыныстық жетілуіне байланысты қарқынды гормондық қайта құрулар, барлық жүйелер мен ағзаларда сапалық өзгерістер орын алады. Осы  үрдістердің барлығының дұрыс өтуі үшін қуаттың, қоректік заттектердің мол мөлшерінің шығындалуы қажет болады, олардың бір бөлігі (негізінен, ақуыздар) баланың өсу үстіндегі организмінде құрылыс материалы ролін атқарады. Сондықтан, оқушының тамақтану рационының қоректік құндылығы жоғары болуы тиіс, яғни, қажетті пайдалы заттектерге бай сапалы салауатты өнімдерден құралуы қажет. Рационда «бос калориялы» және зиянды химиялық қоспалары бар өнімдер болмауы тиіс. Бала денсаулығының негізінің мықты болуы оның тамақтануына байланысты, балалық шақта қаланған денсаулықтың іргесі адамның бүкіл кейінгі өмірінің сапасына әсер етеді. Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты – бала организмінің ауруларға жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарттар. Заманауи жағдайда оқу және басқа жүктемелердің түрлері (үйірмелердегі қосымша сабақтар, т.б.) артуына байланысты мектеп жасындағы тамақтанудың ролі артуда. Баланың күнделікті тамақтануы өсу үстіндегі организмнің қажетті қоректік заттектерге және қуатқа қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруы және күні бойы жұмсайтын күштерін толығымен қалпына келтіруі тиіс. Осыған байланысты мектеп оқушысына арналған негізгі салауатты тамақтану ұстанымдары туралы білу аса маңызды.

Сөйлегендер:

1.Дәулеталин Ғ – Ішкі істер департаментінің төрағасы, полковник, қалалық қамқоршылық кеңесінің құқық қорғау бөлімінің төрағасы. Құрметті ата – аналар, мұғалімдер! Жаңа жыл басында жақсы отырыс болды. Мен Дәулеталин Ғалым Елкейұлы -Ішкі істер департаментінің төрағасы және қалалық қамқоршылық кеңесінің құқық қорғау бөлімінің төрағасымын. Ұстаздар мәртебесі туралы былтырғы жылдан бері  талдап келеміз. Ардагерлікке 2004 жылдан бері шықтым. Облысымызда болып жүрген жүрген түрлі жағдайларды біліп, естіп, талқылап жүрміз. Ата – аналар балаларды қатаң қадағалау керек. Облыс әкімі көп жұмыстар жүргізіп жатыр. Әрбір оқушы, әрбір адам патриот болуы керек. Оқушыларды жақсылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу үшін мұғалмдер мен ата – аналардан көп күш қажет.  Ұстаздарды ойлауымыз керек.  Бүгінгі күн тәрбінде тұрған әрбір мәселе қазіргі қоғамда болып жатқан түрлі жайттардың алдын – алу үшін маңызды мәселе деп білемін.

  1. Ата – ана – мектеп ұжымына алғысым шексіз. Бұл мұғалімдердің еңбегі көп, зор десем де болады. 3 немерем оқиды. Айтылған алғашқы мәселе бойынша педагогтар мәртебесін көтеру жобасын қолдаймын. Мұғалімдер барлық жәрдемге лайықты.
  2. Ата – ана – менің балаларым осы мектептің 2Б, 5А кластарында оқиды. Мұғалімдерге бар асыл сөз лайықты. Заң жобасындағы ұсыныстарды қолдаймын. Алдағы уақытта күшіне енеді деп сенемін. Сондай – ақ құқық бұзушылық, дұрыс тамақтану мәселелері де біздің балаларымыздың болашағы үшін маңызды деп білемін. Олардың болашағы өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына байланысты. Сондықтан айтылған ескертулер мен ақпараттардың барлығы қазіргі күнде барлығымыз үшін маңызды

ҚАУЛЫ:

  1. «Педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру» заң жобасын таныстыру жұмыстары жалғастырылсын;
  2. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу мақсатында ата – аналар мен мұғалімдер ұйымшылдықта жұмыстансын, бала тәртібін қадағалау қатаң жүргізілсін;
  3. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы «қанағаттанарлық» деп танылып, әрі қарай жұмыс жүргізу жандандырылсын;
  4. Оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру үшін бақылау жүйелі жүргізілсін.

 

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы              Г.К.Нукеева

                                     Хатшы                 Г.Елекбаева

 

 

 

 

№47 жалпы  білім беретін орта мектеп

Қамқоршылық  кеңесі  отырысы

Хаттама     №4

                                                                                                                             09.03.2019ж        

Қатысқандар:  10

Күн тәртібінде:

  1. Сыртқы ұйымдармен бірлесіп жұмс жасау.
  2. Жалпы спорттық шараларды ұйымдастыру.
  3. Наурыз мерекесін ұйымдастыру.

Тыңдалды:

Қамқоршылық кеңес төрағасы  Г.К.Нукеева: құрметті отырысқа қатысушылар! Бүгін біздің кезекті отырысымыз. Күн тәртібіндегі мәселелерге сөз берейік.

 

Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Жубатова сөз алды. Құрметті қамқоршылық мүшелері қош келдіңіздер. Мектеп сыртқы ұйымдармен жыл сайын жұмыс жүргізіп келеді. Мектеп өзінің төңірегінде ғана  жұмыс жасамайды. Мәселен, театр,кітапхана ,«Аңсар» орталығы, оқушылар сарайы,Планетарий  т.б орталықтармен тығыз байланыста. Рухани дамуы мен  кемел жетілуіне ықпал ететін осындай рухани ұйымдарға баруымыздың мақсаты  оқушылармыздың бос уақытын тиімді өткізу болып табылады. Білім мен тәрбиені бір арнаға құю үшін мектеп мұғалімдері аянбай еңбек етуде. Қоғамның бар байлығы –оның дұрыс жетілген ұрпағы. Сондықтан бос уақытта,демалыс күндері педагогикалық негізде және баланың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырып отыру келешек ұрпақтың мәдени,саяси,рухани негізін қалауға жағдай туғызатынын естен шығармайық. Кей кездері ата- аналарымыз балаларының бос уақытында аталған игі шараларына қатысуға қарсылық біліріп жататындары рас. «Баламыз міндетті түрде қатысу керек пе?» деген секілді пікірлер қалдырып,сұрақтар қойып жатады. Осы тұста біз ата -аналар бір ауыздан қолдау көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді. Себебі біздің сыртқы ұйымдармен байланыста жұмыс істеуіміз оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ,жеке тұлғаны өздігінен дамыту,шығармашыл оқушыны тәрбиелеуге бағытталған.  Осы тұста сізден ата аналарға аталған мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсе екен деген өтінішіміз бар.

 

Екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Жубатова сөз алды. Біздің мектебізде жалпы спорттық шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады.  Сыныптан тыс спорттық шаралар арқылы мектеп жасындағы балалардың патриоттық тəрбиесін жүзеге асыру сұранысқа ие болғандықтан жексенбі,сенбі күндері және атаулы мереке күндері жиі спорттық сайыстар өткізіледі. Мектепте баланың сыныптан тыс жұмыспен айналысуында ұстаздың əсері мол. Сыныптан тыс спорттық жұмыстар баланың спортқа деген ынтасын арттыратын, баланы дұрыс та сауатты демалуға үйрететін, өз ойын жүйелі түрде дамытатын ең керекті əдіс . Спорт оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Спорттың тəрбиелік құндылығы мектепте оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда жəне оны өткізудің дұрыс əдістерін қолданғанда ғана тиімді болмақ. Осы тұста мектебімізде кейбір спорттық құрылғылардың жетіспеушілігі де кедергі болып жататыны айқын. Сондай-ақ, спорт шараларында оқушыларымыз тек мақтау қағаздарын алумен ғана шектеліп жатады. Сондықтан оқушылардың қызығыушылғын арттыру мақсатында ынталандыру ретінде қолдау көрсетенін жағдай жасасаңыздар деп ұсыныс білдіргім келеді.

     

Үшінші мәселе бойынша сөз мектеп педагогы  Кумарова Г.Е. сөз алды. Біздің  мектебімізде  жеңілдетілген санаттағы  64 оқушы бар. Бұл санаттағы оқушыларға біздер әр мереке сайын қайырымдылық жасап келеміз,сондай-ақ әртүрлі қайырымдылық акцияларына да қатыстырамыз. Алдағы келе жатқан ұлттық мерекеміз, жаңа жылымыз наурыз меркесінде де  жеңілдетілген санаттағы оқушыларға дастархан жайылып,ұлттық ойындар ұйымдастырылып,қазақы үй тігілсе деген ұсынысымыз бар. Осы айтылған ұсынысымызды қолдап көмек көрсетсеңіздер.

 

Сөз алғандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы Г.К.Нукеева – Жоғарыдағы аталған мәселелерді қарастыра  келе шешім шығардық. Ата аналармен тығыз байланыста болып, балаларымыздың салауатты өмір салтын ұстануға,елінің патриоты болуға бірден бір себепкер өзіміз екені белгілі. Сондықтан сіздердің айтқан ұсыныстарыңызбен толықтай келісеміз. Сондай-ақ, наурыз мерекесінде мектептегі  жеңілдетілген санаттағы 64 оқушыға көмек көрсетуге дайынбыз. Мереке күні балалардың көңілін көтеріп,ұлттық мейрамымызды даріптеп ұйымдастырған шараларға көмек қолын созып, қолдау білдіреміз деп айтқым келеді.

 

Қаулы :

  1. Сыртқы ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау одан әрі жалғастырылсын
  2. Спорттық жарыстарда оқушылардың және мұғалімдердің жетістіктерін ескере отырып,еңбектері бағалансын.
  3. Наурыз мерекесінде жеңілдетілген санаттағы оқушыларға өткізілетін шара жоғары деңгейде ұйымдастырылсын.

 

 

Қамқоршылық  кеңес   төрағасы             Г.К.Нукеева

                                       Хатшы              Г. Елекбаева

 

 


№47 жалпы  білім беретін орта мектеп

Қамқоршылық  кеңесі  кезектен тыс отырысы

Хаттама     №5

                                                                                                                            

13.04.2019ж        

Қатысқандар:  9

  1. №47 ЖББОМ директоры – Т.У.Абдиева
  2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – З.Ж.Жубатова
  3. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Г.К.Нукеева
  4. Кеңес мүшесі –Қ.І.Ізбағамбетов
  5. Кеңес мүшесі – Г.Елекбаева
  6. Кеңес мүшесі – Ш.Б.Бисенова
  7. Кеңес мүшесі - Г.Ы.Қонақбаева
  8. Кеңес мүшесі – Э.Қожбанова
  9. Кеңес мүшесі – Д.Ы. Савпарова

Күн тәртібінде:

  1. «Вахтер» қызметінің «Күзет» қызметіне ауыстыру таралы

Тыңдалды:

Қамқоршылық кеңес төрайымы Г.К.Нукеева отырыс күн тәртібімен таныстырды. Бүгінгі мәселелер қазіргі уақыттағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Себебі, мектептегі вахта қызметін күзет қызметіне ауыстыру. Аталған мәселе бойынша мектеп директоры Абдиева Тазагуль Утарбаевнадан сұрасақ.

Бірінші сөз кезегін мектеп директоры Т.У.Абдиева сөз алды: құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері жалпы «вахтер» мектепке қарайды. Ішкі тәртіпке бағынып, бірлесе жұмыстар жүргізеді. Мектепте вахтада өз қызметкеріміз отырғаны дұрыс, өйткені, сырттан келген  - кеткен адамдарды тіркейді, өз қызметін жауапкершілікпен атқарады, мектеп оқушыларын және ата-аналарын таниды. Ал, күзет қызметкерлері мектептің оқушыларын, ата-аналарын танымайды және сырттан келген адамдарға жол сілтей алмайды, жалпы мектептің ішкі тәртібін білмейді және жеке күзет қызметкері болғандықтан ішкі тәртіпке бағынбайды деп ойлаймын. Бұл мемлекеттік мектеп ордасы, сондықтан заңды өз қызметкерлеріміз қызметін жасай берсе. Біздің болашағымыз - бала, сондықтан мектептегі оқушыларымыздың ең бірінші қауіпсіздігіне алаңдаймыз.

Сөйледі:

Қамқоршылық кеңес мүшесі Қ.І.Ізбағамбетов – мектеп директорының айтқанына толықтай келісемін. Мен зейнеткермін.  Мектепте күзет қызметінің болғанына келіспеймін. Оқу ордасы болғаннан кейін қауіпсіздік қажет. Олар мектептің тәртібіне бағынбайды.

 Қамқоршылық кеңес мүшесі Э.Қожбанова – мен де жоғарыда айтылған мәселе бойынша келісемін. Күзет қызметкерлері тек қана өз міндеттерін ғана атқарады. Мектепке күзет қызметкерінің қажетсіздігі туралы және оның себебін мектеп басшысы жақсы ашып айтып кетті. Айтылғандардың барлығы орынды.

 

ҚАУЛЫ: Мектеп қауіпсіздігін бақылау мақсатында «вахта» қызметі қарулы күзет қызметіне ауыстырылмай, «вахта» қызметінде қалдырылсын.

 

 

 

Қамқоршылық  кеңес   төрағасы             Г.К.Нукеева

                                              Хатшы             Г. Елекбаева

                        

 


 

 №47 жалпы  білім беретін орта мектеп

Қамқоршылық  кеңесі  кезектен тыс отырысы

Хаттама     №6

                                                                                                                            

Ақтөбе қаласы                                                                                    18.05.2019

№47 жалпы білім беретін

 орта мектебі

 

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңестің төрайымы, ата – аналар, қоғамдық өкілдер

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Оқу жылының аяқталуына байланысты шаралар ұйымдастыру (жиындар, соңғы қоңырау салтанаты, мектеп бітірушілердің емтиханы, мектеп бітірушілер кеші).

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Жубатова

  1. Оқушылардың жазғы демалыс лагерін ұйымдастыру;

Әлеуметтік педагог Г.Е.Кумарова

  1. Қамқоршылық кеңес қорының қолданылуы

Қамқоршылық кеңес төрайымы Г.Н.Нукеева

  1. мектеп қабырғасында смартфон ұялы телефонын ұстауға тыйым салу.

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Жубатова

  1. Пилоттық жобаға қатысушы білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттерін диагностикалау нәтижесі.

Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ш.С.Сембаева

ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Жубатова сөз алды. Кеше ғана басталған 2018 – 2019 оқу жылын міне аз уақыттан кейін аяқтаймыз. Демек, бір оқу жылымыз өтті. Осы оқу жылында біз оқушы, ата – ана  және мектеп болып көптеген жұмыстар атқардық, жетістіктерге жеттік. Бір жыл бойы атқарған жұмысымыздың нәтижесін аламыз. Осыған орай мектепте түрлі іс шаралар ұйымдастырылады. 25 мамыр – «Соңғы қоңырау күні».  Бұл  күні мектеп ауласында жылдағыдай арнайы салтанатты жиын өтеді.  Мектеп бітіруші түлектеріміз өздерінің алтын ұя мектептерімен қоштасады. Бұл күнді – жылы лебіздер мен құттықтаулар күні деп атауға болады. Себебі, мектеп бітіруші түлектер өздерін 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын айтса, ұстаздар оқушыларына алдағы болатын ҰБТ өтіп, жоғарғы оқу орындарына түсіп, қалаған үлкен мамандық иелері болуын тілейді. Сондақ – ақ мектебімізде дәстүрге айналған «Мақтанарлық істеріміз көп біздің» атты дарынды балаларға арналған жұлдыздар шеруі өтеді. Мұнда жыл бойы мектеп абыройын асқақтату жолында ізденіп, еңбектеніп, түрлі сайыстар мен олимпиадаларға, өнер және спорт сайыстарына қатысып, жүлделі орындар иеленген оқушылар мен олардың ата - аналары марапатталады. Биылғы жылы бұл шараны 22 мамыр күніне қойып отырмыз. Мектеп ауласында өткізіледі. Келіп, көріп, тамашалауларыңызға болады. Бір жыл бойына мектебіміздің қандай жетістіктерге жеткендігіне куә боласыздар. Әрі қарай мектеп бітіруші 9, 11 класс оқушыларының мемлекеттік емтихандары және мектеп бітіру кеші өткізіледі. Мемлекеттік емтихандар 27.05.2019 – 08.06.2019 күндері аралығында өтеді. Мемлекеттік емтиханның өткізілу кестесі құрылып, бұрышы жасалды. Қазіргі таңда емтиханға дайындық қосымша жүріп жатыр. Мемлекеттік емтихандарын тапсырып болғаннан кейін мектеп бітіруші 9, 11 класс түлектеріне мектеп бітіргендіктері туралы білімін дәлелдейтін куәліктер мен аттестаттар табысталады. Аттестат табыстау кеші 12 маусым күні салтанатты түрде мектептің мәжіліс залында өткізіледі. Салтанатты шараның куәсі болу үшін мектеп бітіруші түлектердің ата – аналары шақырылады. Қымбат мейрамханаларға бармау, қымбат көлік, қымбат киімдермен келуге алдын ала ата-аналар мен оқушыларға ескертілді.

Екінші кезекте күн тәртібіндегі келесі мәселеде бойынша оқушылардың жазғы демалыс лагерлерін ұйымдастыру сөз болды. Оқу маусымы аяқталғаннан кейін оқушы үшін жазғы демалысының қызықты және көңілді  өткізілгені маңызды. Әсіресе төменгі класс оқушылары үшін. Осы айда қаламыздағы түрлі демалыс орталықтары есімізге түседі. Алайда, ол демалыс орталықтарына қайта – қайта апару кез - келген ата – ананың қалтасы көтермейтіні анық. Сондықтан да, мектепте бюджеттікке – 25 оқушы және ата – ана демеушілігімен – 25 оқушы ұйымдастырылатын жазғы демалыс лагері, тілдік лагеріне – 15 оқушы, шығармашылық лагеріне – 15 оқушы, мектеп алаңы лагеріне – 40 оқушы және еңбек практикасына- 130 оқушы  ұйымдастыруды жоспарлап  отырмыз. Арнайы жоспар құрылып, бекітілді. Кестеге  сай оқушы қатысады деп жоспарланып отыр. Мектептегі жазғы демалыс лагерлердің түрлендіріп ұйымдастырылуы оқушы үшін де, ата – ана үшін де жақсы болар еді деп ойлаймын. Балаға жазғы уақытының тиімді өтуі үшін лагердің ұйымдастырылуы қажет деп білемін.

Үшінші мәселе бойынша  қамқоршылық кеңес қорының қолданылуы туралы бойынша мектеп қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.К.Нукеева  сөз берілді. Құрметті отырысқа қатысушылар! Тағы да оқу жылын аяқтағалы отырмыз. Осы оқу жылында көптеген іс-шаралар өткізілді, оның куәсі де болдық. Спорттық, мәдени шаралар, қайырылымдық шаралары өтті. Мектеп ата-аналарының демеушілігімен қамқоршылық кеңес есеп шотына 56000теңге қаражат түсіп отыр, бұл қаражат қолданылған жоқ. Алдағы оқу жылында шот есебін толықтырып мектептегі шараларға жұсмалады деп жоспарлап отырмыз.

Келесі соңғы мәселе мектеп қабырғасында смартфон ұялы телефонын ұстауға тыйым салу. Азіргі таңда «смартфон» ұялы телефондары білім беру процесіне кері әсерін  тигізуді, оқушылар осы телефондар арқылы түрлі желілерге бақылаусыз кіріп, оқушылардың білім алауына және тәртібіне кері әсерін тигізіп жатыр.  Мектепте смартфон ұялы телефоныны тыйым салу туралы оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылардын қолхаттар алынып, тіркелді және ата-аналар жиналысында үнемі ескертіліп отырамыз. Осы смартфон телефондарының кесірінен жасөспірімдер арасында қылмыс санының артуына себепші.

Сөз алғандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Г.К.Нукеева: менің тарапымнан бір ұсыныс айтқым келіп отыр. Келесі оқу жылында біз қамқоршылық кеңес мүшелері және әр класс ата-аналар комитетінің төрайымдары оқушылар арасында суық қару, смартфон ұялы телефондарын қолдануға жол бермеу мақсатында бірігіп бақылауға алу керекпіз.

Келесі соңғы мәселе бойынша директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ш.С.Сембаева сөз алды: пилоттық жоба биылғы оқу жылында 8а класында химия пәнінен  жүргізілді. Пилоттық жобаға қатысушы білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін диагностикалау нәтижесінде кіру барысында – 11,2 балл, 56%, шығу барысында – 12 балл, 60% көрсетті.

ҚАУЛЫ:

  1. Оқу жылының аяқталуына байланысты шаралар ұйымдастыру (жиындар, соңғы қоңырау салтанаты, мектеп бітірушілердің емтиханы, мектеп бітірушілер кеші) жоспарға сай мектеп қабырғасында өткізілсін.
  2. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан  жеңілдетілген санаттағы оқушылар мен ата-ана демеушілігі бағытта лагерь жұмысы және ойын алаңдары, тілдік, шығармашылық лагерьлері  ұйымдастырылсын.
  3. Мектепішілік қамқоршылық кеңес қорының жұмсалуы мен ұйымдастырылуы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
  4. Мектепте ұялы смартфондарды ұстауға қатаң тыйымсалынсын. Смартфондарды, суық қаруларды тексеру , бақылау жұмыстарын жүргізу қамқоршылық кеңес мүшелеріне жүктелсін.
  5. Пәндік және тілді кіріктіру әдіс бойынша оқытылған 8а класындағы химия пәні одан әрі жалғастырылсын.

Қамқоршылық кеңес төрағасы            Г.К.Нукеева

                                  Хатшысы               Г.Елекбаева