"Ақтөбе қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
0
2020-2021 оқу жылы
1 қыркүйек- Білім күні

№47 жалпы білім беретін орта мектебінде 1 қыркүйек- Білім күніне орай 1 класқа қадам басып жатырған бүлдіршіндер  үшін алғашқы қоңырау  класс сағаттары  өткізілді. Мектеп директорының м.а Қобландина Майра  Жұмақызы мектеп табалдырығын алғаш аттап жатқан бүлдіршіндерге арнап құттықтау сөз сөйледі. Ал, 2-11 класс оқушылары үшін қашықтықтан Zoom  платформасы арқылы "Білімді ұрпақ- жарқын болашақ" және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Абай даналығы- ғасырлар жемісі" тақырыптарында класс сағаттары өткізілді.