Ақтөбе қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "№47 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
2021-2022 оқу жылы
Мектеп тарихы

Ақтөбе қаласы, №47 жалпы білім беретін орта мектебі

 

 туралы мәлімет

 

        Мектептің негізі ірге тасы 1941 жылы  қаланған.  1941-1977 жылдар аралығында №8 орыс мектебі болып жұмыс жасалған. 

 

      1977-98 жылдар аралығында кәсіптік мамандыққа даярлайтын оқу комбинаты болып қайта жұмыс істеген. Ақтөбе қаласының 1998 жылдың 12 шілдегі №558 бұйрығымен  №47 жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы мектебі болып қайта құрылды. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының әкімдігінің 15.07.2013 жылдың №1880 қаулысы   бойынша «Ақтөбе қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектебі» болып атауы өзгертілді. Бүгінгі таңда 2 оқу ғимараты бар.Мектептің жалпы көлемі: 2150 ш.м. 1 корпус – 1631,8 ш.м. 2 корпус – 513 ш.м.

 

 

№47 жалпы білім беретін орта мектебінің тарихы

 

1941 жылдың  5 қазанында негізгі ірге тасы қаланды. 1941-1977 жылдар аралығында №8 орыс мектебі болып, 120 оқушымен жұмыс бастаған. Сонымен қатар, алыстан қатынайтын оқушыларға арналған мектеп жатақханасы болған.

 

Мектеп табалдырығынан мемлекет қайраткерлері, дүниежүзіне танымал әйгілі адамдар білім алған.

 

1977-1998 жылдар аралығында кәсіптік мамандыққа даярлайтын оқу комбинаты болып қайта жұмыс жасаған.

 

1998 жылдан бері қайтадан қазақ тілінде оқытатын №47 жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы мектеп болып, қайта құрылды.  Бүгінгі таңда 2 оқу ғимараты жұмыс жасайды. Педагогикалық құрамы – 58.  Жоғары санатты -6 , бірінші санатты-15, екінші санатты -9 . Сапа – 52 %. Жоғары білімді - 35. 

 

Жыл сайын мектебімізден «Алтын белгі», «Үздік аттестат»және грант иегерлері шығуда.

 

Оқушыларымыз және мектеп ұстаздары халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өз жетістіктерімен көрініп жүр.

 

Қазақ тілінде оқытылатын №47 мектеп болып құрылғанынан бері болған мектеп басшылары:

 

1998 - 2001 ж.ж - Самуратова Жанна Бакытжановна

2000 - 2002 ж.ж - Джанкулова Сауле Калмантаевна

2002 - 2006 ж.ж - Байсингарова Толебике Айбасовна

2008 - 2013 ж.ж - Бекниязова Ардак Калескеровна

2008 - 2013 ж.ж - Жаксыбаева Айсулу Бериковна

2013 - 2014 ж.ж - Латып Алиби Турсынгалиевич

2014 - 2020 ж.ж - Абдиева Тазагуль Утарбаевна